FAQ

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасау, төлем, RSVP және альбом туралы қысқа жауаптар.

Әжем аша ала ма?

Иә. Ірі әріп, үлкен батырма (48px), құпиясөз жоқ. WhatsApp-тағы сілтемені басады — шақыру ашылады.

Қанша уақыт сақтайсыз?

Мәтінді шақыру — мерзімсіз. Альбом «Естелік» және «Толық» — 3 жыл. Офертада жазылған. Тегін тарифте альбом жоқ.

Қонақтар артық жүктесе ше?

Квота бар. Ұйымдастырушы кадрды жасыра алады немесе жояды. Модерацияны «алдымен мен көремін» деп қоюға болады.

Несімен ерекшесіз?

Бөлек QR мен қосымша жоқ. Шақыру, RSVP және той күнгі фото — бір сілтеме. Сол сілтеме WhatsApp-қа кетеді.

Қашан төлеймін?

Тегін тариф шынымен тегін: жасау, жариялау, RSVP. Фото, музыка, альбом керек болса — айырмасын төлейсіз.

SYI қалай жұмыс істейді?

Дайын үлгіні таңдайсыз, есім, күн, орын мен фотоны толтырасыз. Жүйе мобильді шақыру бетін жинайды — қонақтарға WhatsApp сілтемесін жібересіз.

Қонақтар шақыруды қалай көреді?

Телефондағы браузерде ашылады. Қосымша орнатудың немесе құпиясөздің қажеті жоқ — сілтемені басу жеткілікті.

RSVP жауаптары қалай жиналады?

Қонақ «Келемін / Келе алмаймын» деп басады. Сіз кабинетіңізде тізім мен санауды бірден көресіз.

Шақыруды кейін өзгерте аламын ба?

Иә. Мәтін, фото, музыка мен мекенжайды жариялағаннан кейін де өңдей аласыз.

Қай той түрлеріне шаблон бар?

Үйлену, қыз ұзату, сүндет, тұсаукесер, мерей той, бесік той, туған күн және басқа форматтар — каталогта көресіз.